Accessibility links

Мәскеуде белсенді Ильдар Дадин ұсталды


Ильдар Дадин, ресейлік оппозиция белсендісі.
Ильдар Дадин, ресейлік оппозиция белсендісі.

Мәскеуде Федералдық жазаны атқару қызметі ғимаратының жанында оппозициялық белсенді Ильдар Дадин ұсталды. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Дадин мұнда жалғыз кісілік пикет өткізген. Пикетте онымен қатар Лев Пономарев та болды. Бірақ оны ұстамады.

Белсенділер Федералдық жазаны атқару қызметінің Карелия басқармасының басшысы Александр Тереханың, оның орынбасары Алексей Федотовтың және Карелиядағы №7 колонияның бастығы Сергей Коссиевтің отставкаға кетуін талап еткен.

34 жастағы Ильдар Дадин - көптеген рұқсат етілмеген қарсылық акцияларына қатысқаны үшін сотталған алғашқы тұтқын. Ол 2015 жылы желтоқсанда үш жылға сотталған. Бірақ кейін жаза мерзімі алты айға азайтылған. 26 ақпанда Дадин Рубцоскідегі колониядан бостандыққа шыққан.

Дадин Алтай этаппен жөнелтілгенге дейін Карелиядағы колонияда болған. Мұнда ол түрме қызметкерлері өзін азаптап, соққыға жығатынын хабарлаған.

Белсенді өзін қылмыстық қудалағаны үшінөтемақы талап ететінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG