Accessibility links

Ақтөбеде антитеррорлық жаттығу өтті


Ақтөбедегі полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ сарбаздары. Қазан 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Ақтөбедегі полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ сарбаздары. Қазан 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Ақтөбеде бүгін "Дина" сауда үйі орналасқан ауданда антитеррорлық жаттығу өтті деп хабарлады Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті.

Жаттығу барысында Ақтөбе облыстық жедел штаб күштері мен құралдарының өзара іс-қимыл жасау машығы жетілдірілген. Ресми мәлімет бойынша, жаттығу мемлекеттік органдардың террорлық сипаттағы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау дайындығының деңгейі жоғары екенін көрсетті.

Ақтөбеде 2016 жылы маусымның 5-інде 30 шақты адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операция кезінде "діни радикал", "қарулы шабуылшы" деп сипатталған 18 адамның көзі жойылып, 20 шақты адам ұсталған.

Шабуылдан соң бірнеше қалада, оның ішінде Астана мен Алматыда антитеррорлық жаттығу өткізу жиілеген.

XS
SM
MD
LG