Стамбулда тікұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты. CNN Turk телеарнасының хабарлауынша, тікұшақ бортында жеті адам болған, олардың жетеуі - Ресей азаматтары.
Тікұшақ Стамбулдың Бейликдузу ауданында тұманда жұмыс істемейтін телемұнараға барып соқтыққан. Тікұшақ құлаған жерге жақын көлік тұрағы мен бірнеше тұрғын үйлер орналасқан. Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндірушілер барған.