Accessibility links

Дональд Трамп Махмуд Аббасты АҚШ-қа сапармен келуге шақырды


Палестина автономиясы жетекшісі Махмуд Аббас.
Палестина автономиясы жетекшісі Махмуд Аббас.

АҚШ президенті Дональд Трамп Палестина автономиясы жетекшісі Махмуд Аббасты Ақ үйге сапармен келуге шақырғаны туралы Трамптың баспасөз хатшысы Шон Спайсер хабарлады. Жақын арада басталуы мүмкін сапардың нақты уақыты айтылмады.

Наурыздың 10-ы күні Трамп пен Аббас телефонмен сөйлесіп, Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу мәселесін талқылаған. Аббас Израильдің жанынан Палестин мемлекетін құру идеясына адал екенін білдірген.

Ақпанның ортасында Вашингтонда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездескенде Трамп израиль-палестин жанжалын БҰҰ қарарында ұсынылғандай еврей және араб мемлекеттерін құру арқылы емес, жалғыз мемлекет құрып шешуге болады деп, өзіне дейінгі АҚШ президенттері ұстанған позициядан түбегейлі өзгеше пікір білдірген.

Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу 2014 жылғы сәуірде Израиль мен палестиндіктер арасында тоғыз айға созылған талқылау нәтижесіз аяқталған соң тығырыққа тірелген еді. Биыл қаңтарда Трамптың инаугурациясынан кейін Израиль палестин жерінде жаңа еврей қоныстарын салатыны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG