Accessibility links

Беларусьте "арамтамақ салығына" наразылықтан соң үш оппозиционер ұсталған


Молодечно қаласындағы наразылық шеруі. 10 наурыз 2017 жыл.
Молодечно қаласындағы наразылық шеруі. 10 наурыз 2017 жыл.

Беларусьтің Минск облысы Молодечно қаласында «арамтамақ салығына» қарсы шеруден кейін билік оппозицияның үш жетекшісі Виталий Рымашевский, Анатолий Лебедько және Юрий Губаревичті ұстады. Милиция үшеуінің үстінен әкімшілік құқық бұзғаны туралы хаттама толтырып, істерін сотқа бермек.

Журналистердің есебінше, бұл жолы «араматамақ еместер» шеруіне бес жүзден мыңға дейін адам қатысқан. Митингіге шыққандар билікті елде жұмыс істемейтін азаматтарды жыл сайын мемлекет қазынасына төлем енгізуге міндеттейтін жарлықтың күшін жоюға шақырды. Наурыздың 15-і күні ел астанасы Минскіде әлеуметтік масылдық туралы заңға қарсы кезекті наразылық шеруі өтпекші. Жергілікті билік органдары бір мыңға дейін адам қатысатын шараға рұқсат еткен.

«Арамтамақтар салығына» қарсы Беларусьте ақпаннан бері жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр. Жаңа заң бойынша, ресми түрде жұмыссыз саналатын әр азамат жыл сайын мемлекет қазынасына 200 еуро шамасында салық төлеуі тиіс. Минск және басқа қалаларда өткен наразылық шерулерінен кейін Беларусь президенті Александр Александр "арамтамақтарға" салық салу туралы жарлығының күшіне енуін осы аптада бір жылға шегерген. Наразылар жарлықтың күшін толық жоюды талап етеді.

XS
SM
MD
LG