Accessibility links

Еуроодақ Түркияға қаржылай көмегін қысқартпақшы


Еуроодақ пен Түркия тулары.
Еуроодақ пен Түркия тулары.

Еуропа Одағы Түркияның еуропалық кеңістікке интеграциялануына бағытталған кейбір жобаларға төлемдерді тоқтату туралы шешім қабылдаған. «Біз заң жүзінде қаржылай қолдауды ел қол жеткізген прогреске сай белгілеуге міндеттіміз» деп мәлімдеген сенбі күні DPA агенттігіне Еуроодақтың тату көрші саясаты және кеңею мәселелері жөніндегі комиссары Йоханнес Хан.

Өткен жылғы шілде айындағы үкіметке қарсы путч әрекетіне дейін басталған негативті үдерістер Еуропа Одағы стандарттарына ғана емес, сонымен бірге халықаралық құқық нормаларына қайшы келеді деп мәлімдеген Хан.

Еуропа Одағы Түркияға 2014 жылдан 2020 жылға дейін 4,45 миллиард еуроның қаржылай жәрдемін беруді жоспарлаған. Брюссель қазіргі кезге дейін Анкараға 167 миллион еуро берген.

Брюссель нақты қандай төлемдерді және қандай мерзімге тоқтатып отырғаны туралы әзірше ақпарат жоқ. Deutsche Welle ақпарат құралының хабарлауынша, Еуропа Одағы Анкарамен диалогты үзбейді және Түркияға құқықтық мемлекет құруға жәрдемдескісі келеді. Бірақ, Йоханнес Ханның сөзінше, «Түркияны Еуроодаққа қабылдау туралы келіссөздер іс жүзінде тоқтатылған».

XS
SM
MD
LG