Accessibility links

Қырғызстанда "билікті басып алуға әрекет" ісі бойынша үкім қашан шығатыны айтылды


"Билікті күшпен басып алуға әрекет жасаған" деп айыпталған қырғыз оппозициялық саясаткерлерінің жақтастары Бішкекте пикетте тұр. (Көрнекі сурет.)
"Билікті күшпен басып алуға әрекет жасаған" деп айыпталған қырғыз оппозициялық саясаткерлерінің жақтастары Бішкекте пикетте тұр. (Көрнекі сурет.)

Бішкектің Первомай аудандық соты "билікті күшпен басып алуға әрекет жасаған" деген айып тағылған оппозициялық саясаткерлерге қатысты қылмыстық іс бойынша үкімін наурыздың 22-і күні жариялауы мүмкін. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне айыпталушылардың бірі, қазір үйқамақта отырған Дастан Сарығұлов хабарлады.

«Халық парламенті» оппозициялық қозғалысының төрт белсендісі Бектұр Асанов, Кубанычбек Қадыров, Дастан Сарығұлов және Эрнест Карыбеков 2016 жылы көктемде ұсталған. Олар ұсталғаннан кейін мамырдың 14-і күні Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев «Халық парламенті» кез келген сылтаумен елдегі тұрақтылықты шайқалтқысы келеді деп мәлімдеген.

Төрт оппозиционерге қатысты «қылмысқа оқталу» және «билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қорғаушылар соттан оларды ақтауды, ал мемлекеттік айыптаушы 12 жылдан 22 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айыруды сұраған.

XS
SM
MD
LG