Accessibility links

Ресейде SMS үшін сотталған Оксана Севастиди түрмеден шықты


Оксана Севастиди .
Оксана Севастиди .

Сочидегі ресейлік әскерилер техникасы туралы электрондық хабарлама (SMS) жібергені үшін «мемлекетке сатқындық жасады» деген айыппен сотталған әйел Оксана Севастиди Мәскеудің «Лефортово» түрмесінен бостандыққа шыққан. Бұл туралы оның адвокаты Евгений Смимрнов айтты деп хабарлады жексенбі күні «Медиазона» сайты.

Ресей президенті Владимир Путин Севастидиге рақымшылық жариялау туралы наурыздың 7-інде қол қойған жарлық бүгін күшіне енді.

Бұған дейін Оксана Севастиди түзеу колониясында күніне 14 сағат жұмыс істеуге тура келгені туралы шағым айтқан еді. «Московский комсомолец» басылымына сұхбатында ол Иваново облысындағы түзеу колониясы жанындағы тігін шеберханасындағы жұмысы үшін айына 100 рубль төлегенін айтқан.

Севастидидің сөзінше, қамауда оның денсаулығына қатты нұқсан келген, колонияда сапасыз тамақ берген. Сонымен бірге ол өзін түзеу мекемесіне дейін бір жарым ай тасып апарғанын айтқан.

Ресей соты өткен жылы наурызда Оксана Севастидиді 2008 жылы тамызда Ресей мен Грузия арасында әскери жанжал шыққан кезде танысына Ресейден Грузияның жікшіл Абхазия аймағына әскери құрал-жабдық тиелген пойыздың жолға шыққаны туралы электронды хат (SMS) жолдағаны үшін жеті жылға соттаған.

XS
SM
MD
LG