Accessibility links

Ирак әскері Мосулдың батысында шабуылды үдетті


Мосулдың батыс бөлігінде Ирак армиясы "Ислам мемлекеті" содырларына әуеден соққы берген тұстан көтерілген түтін. 10 наурыз 2017 жыл.
Мосулдың батыс бөлігінде Ирак армиясы "Ислам мемлекеті" содырларына әуеден соққы берген тұстан көтерілген түтін. 10 наурыз 2017 жыл.

Ирак үкімет күштері Мосул қаласының батыс бөлігінің үштен бірінен «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобын ығыстырған. Бұл туралы бүгін Ирактың террорға қарсы қызметінен генерал Маан әл-Саади хабарлаған. AFP агенттігін генералдың: «[Батыс Мосулдың] үштен бірі біздің әскердің бақылауында» деген сөзін келтірген.

Саадидің сөзінше, Ирактың террорға қарсы бөлімшелері наурыздың 12-і күні жихадшыларға қарсы Мосулдың батысындағы Мосул-әл-Жадид және әл-Агауат аудандарында шайқасқан. Генерал экстремистерге қарсы әскери іс-қимылдар жақын сағаттарда аяқталады деп санайды.

Мосулдың батыс бөлігін жихадшылардан қайтару операциясы ақпанның 19-ында басталған. Шығыс Мосулды үкімет әскері қаңтар айында ИМ экстермистерінен азат еткен болатын.

Бұл операция Мосулды 2014 жылы басып алған жихадшылардан қайтару жөніндегі ірі әскери шабуылдың бір бөлігі ғана. 2016 жылғы қазанда басталған операцияға АҚШ бастаған коалицияның қолдауына сүйенген Ирак үкімет әскері, күрдтердің пешмерга жасағы, сүннит араб тайпалары мен шиит еріктілері күштері қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG