Accessibility links

Эфиопияда көшкіннен ондаған адам қаза тапты


Аддис-Абеба, Эфиопия (Көрнекі сурет).
Аддис-Абеба, Эфиопия (Көрнекі сурет).

Эфиопия билігінің мәліметінше, ел астанасы Аддис-Абебада қоқыс күресінінде болған көшкіннен ондаған адам қаза тапты. Аддис-Абеба муниципалитетінің өкілі Дагмауит Мождың айтуына қарағанда, көшкіннен құрбан болғандардың көпшілігі - әйелдер мен балалар. Олардың көпшілігі өз бетімен салынған үйлер мен ғимараттарда тұрған. Кқшкін үйіндісі астынан 30 адамның денесі шығарылған. Құрбандар саны артуы мүмкін.

Көшкін жүруіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Бұл территория жарты ғасырдан астам уақыт бойы қоқыс шығаратын жерге айналған. Кейбіреулер мұнда қоқыс ақтарып, күнін көруге келсе, кейбірі негізінен балшық пен тақтайдан салынған арзан үйлерді жалдап тұрады.

XS
SM
MD
LG