Accessibility links

Eurovision-ге Ресей атынан Юлия Самойлова қатысатын болды


Киевте өтетін Eurovision байқауының логотипі (Көрнекі сурет).

Биыл Киевте өтетін Eurovision байқауына Ресей атынан Юлия Самойлова қатысатын болды. Бала кезінен мүгедектер арбасына таңылған 28 жастағы Самойлова "Первый канал" мемлекеттік арнасында өткен іріктеу байқауында Flame is burning әнімен жеңіске жеткен. Бұған дейін ресейлік кейбір әншілер мен депутаттар Украинаны "ресейліктерге қарсы" деп байқауға байкот жариялауға шақырған еді.

Eurovision - кейде ұйымдастырушылары саяси реңк алып кетпеуіне күш салса да саяси сипат алып кететін танымал музыкалық шоу. Байқауды өткен жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Иосиф Сталиннің пәрменімен Қырымнан депортацияланған татарлардың тағдыры туралы "1944" әнін орындаған украин әншісі Жамала жеңіп алған. Байқаудың ақтық кезеңі 13 мамырда өтеді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG