Еуропа Одағы Ресей (ЕО) Қырым түбегін аннексиялап алған соң 150 адам мен 37 заңды тұлғаға қарсы салған санкциясын ұзартты. ЕО бұл адамдар мен компаниялар Украинаның территориялық тұтастығын бұзуға қатысы бар деп санайды. Қазіргі қолданыстағы санкцияның мерзімі 15 наурызда бітеді.
ЕО 2014 жылы наурызда 150 адам мен 37 компанияның активтерін бұғаулап, виза беруге тыйым салған. Санкция салынғандар тізімінде Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин, Ресей президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев, Ресей қарулы күштері бас штабының қолбасшысы Валерий Герасимов пен журналист Дмитрий Киселев бар.
Санкция салынған заңды тұлғалар тізімінде Қырымда белсенді жұмыс істейтін компаниялар мен Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистердің батальондары бар. Маусымда Ресейдің энергетика, қаржы және әскери салаларына қарсы салынған санкцияларды ұзарту мәселесі қаралады.