Accessibility links

Беларусьті наразылық акцияларына қатысушыларды қудалады деп сынады


"Арамтамақтарға" салық салуға және коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттауына қарсылық акциясына шыққандар. Бобруйск, Беларусь, 12 наурыз 2017 жыл.
"Арамтамақтарға" салық салуға және коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттауына қарсылық акциясына шыққандар. Бобруйск, Беларусь, 12 наурыз 2017 жыл.

Батыс елдері мен құқық қорғау ұйымдары Беларусь билігін өзі ұсынған "арамтамақтарға салық салуға" қарсы акцияларға қатысушыларды жаппай қудалап жатқаны үшін сынады. Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі комиссарының өкілі Мая Косьянчин "бейбіт демонстрацияға қатысушыларды, соның ішінде оппозиция жетекшілерін ұстап, оларды соттау Беларусь жариялаған демократияландыру саясатына қайшы келетінін" мәлімдеді. ЕО ұсталған барлық азаматтарды дереу босатуға шақырды.

Amnesty International құқық қорғау ұйымы елде 10-12 наурыз аралығында ұсталып, "рұқсат етілмеген митингілерге" қатысты деп айыпталған 48 адамның арасында тәуелсіз журналистер азаматтық қоғамның белсенді өкілдері барын хабарлады. Ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Джон Далхьюзен "Беларусьте егізгі азаматтық еркіндіктер басып-жаншылып жатқан тұста болып жатқан соңғы жылдардағы ең ауқымды бұл наразылық акциялары беларусь билігі үшін күтпеген нәрсе болды" деді. Оның пікірінше, Беларусь билігі әуелде арамтамақтарға салық салуға қарсы демонстрацияларға рұқсат бергенімен, артынша бейбіт шерушілерді тұтқындайтын әдетіне қайта басты.

XS
SM
MD
LG