Accessibility links

Сирия оппозициясы Астана келіссөзіне қатыспайтынын мәлімдеді


Сирия оппозициясының ресми өкілдері Осама Абу Заид (оң жақта) пен Мохаммад Аллуш Астанадағы бейбіт келіссөз кезінде. 16 қаңтар 2017 жыл.

Сирияның оппозициялық топтары бүгін - 14 наурызда Астанада басталуы тиіс Сирия бейбіт келіссөзінің кезекті жиынына қатыспайтынын мәлімдеді. Оппозиция Ресей мен Сирияның өткен жылы желтоқсанның соңында жасалған қақтығысты тоқтату туралы келісімді орындағысы келмейді деп айыптайды.

"Ресей қазір Сирияда бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыстарын жалғастырып, Сирия режимінің қылмыстарын қолдап отырғандықтан әзірге келіссөзге қатыспау туралы шешім қабылдадық" деді көтерілісшіл топтардың ресми өкілі Осама Абу Заид. Ол бұл шешімдері туралы өздерін қолдайтын Түркияға ескерткенін айтты.

Сирияның оппозициялық топтары 11 наурызда Астанадағы келісссөзді кейінге қалдыруға шақырып, бұдан арғы жиындар Сирия билігі мен оның одақтастарының бітім талаптарын қаншалықты орындағанына байланысты болатынын мәлімдеген.

Оппозициялық топтар Сирия үкіметі мен Иран қолдайтын милиция Дамаск, Хомс, Дераа және Идлиб маңындағы көтерілісшіл топтардың бақылауындағы аймақтарды бомбалауын тоқтатпай отыр және Дамаск іргесіндегі екі ауданды басып алуға дайындалып жатыр дейді.

Келіссөзге қатысып жатқан басты оппозициялық делегация - Жоғарғы келіссөз комитетінің ресми өкілі Салем әл-Мусле байкот жариялауға Ресейдің Сирия үкіметі мен оның одақтастарына қысым жасауға құлықсыздығы себеп болды дейді.

"Егер Ресей Астана келіссөзінде табысқа жеткісі келсе, онда кепіл беруші ел сияқты әрекет жасауы тиіс" деді Салем әл-Мусле Al Hadath телеарнасына.

Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзінің кезекті жиыны 14-15 наурызда өтеді деп хабарланған. Кеше Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов келіссөзге қатысушылар Астанаға кешегі күннің өзінде-ақ келе бастайтынын, жиынға Ресей, Иран және Түркия өкілдері қатысатынын растағанын хабарлаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG