Accessibility links

АҚШ-тың демократ сенаторлары Трамп жарлығының күшін тоқтатпақ ниетте


Дайан Файнстайн, АҚШ сенатының заң комитетіндегі Демократиялық фракцияның жетекшісі.
Дайан Файнстайн, АҚШ сенатының заң комитетіндегі Демократиялық фракцияның жетекшісі.

Америкалық 30 демократ сенатор АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы шығарған миграцияны шектейтін жарлығын "адамдарды кемсітеді" деп атап, оны жоймай қоймаққа бекінгенін жариялады.

Бастамашыл топ басшысы, сенаттың заңнама комитетіндегі Демократиялық партия фракциясының жетекшісі Дайан Файнстайн жарлықтың Вашингтонның терроризммен күрес саласында одақтастарымен ынтымақтастығын тереңдетуіне қарсы келетінін айтты. Оның сөзінше, Ақ үй құжатының ұлттық қауіпсіздікке ешқандай қатысы жоқ, ол тек Трамптың сайлауалдында АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салуға берген уәдесін орындау болып саналады.

6 наурызда президент Трамп 90 күнге дейін Иран, Сирия, Судан, Ливия, Сомали және Йемен азаматтарына виза беруді тоқтататын жаңа жарлық шығарған. Бұл елдердің ендігі виза алып қойған азаматтары АҚШ-қа кіре алады. 16 наурыздан бастап күшіне енетін жаңа жарлық босқындардың 120 күнге дейін АҚШ-қа кіруін тоқтатады, бірақ соңғы жарлықта сириялық босқындардың АҚШ-қа кіруіне шексіз мерзімге тыйым салынатыны айтылмаған.

Трамптың миграцияны шектейтін алғашқы жарлығының күшін сот тоқтатқан болатын. Жаңа жарлыққа да ендігі бірнеше штат басшылары сотқа шағым түсірді. 13 наурызда демократтар Трамптың Мексикамен шекарада қоршау тұрғызу туралы ұсынысын іске асыруға да тосқауыл қоятынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG