Accessibility links

Бішкекте ұшақ апатынан аман қалғандар ауылдарын көшіруді талап етті


Ұшақ құлаған Дача-Су ауылының тұрғындары ауылдарын басқа жаққа көшіруді талап етіп митинг өткізіп жатыр. Қырғызстан, 14 наурыз 2017 жыл.
Ұшақ құлаған Дача-Су ауылының тұрғындары ауылдарын басқа жаққа көшіруді талап етіп митинг өткізіп жатыр. Қырғызстан, 14 наурыз 2017 жыл.

Бішкек түбіндегі жүк ұшағы құлаған Дача-Су ауылының тұрғындары ауылдарын басқа жаққа көшіруді талап етіп митинг өткізіп жатыр. деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Наразылық шарасына шамамен 200 адам қатысып жатыр. Олар қолдарына "Халықтың даусын қашан естисіздер?", "Біздің талаптарымыз орындалуы тиіс!" деген және басқа да сөздер жазылған транспаранттар ұстаған.

Шу облысы басшылығының өкілі Бактыбек Құдайбергенов әзірге жер телімін беру мәселесі күн тәртібінде жоғын айтты. "Себебі көшіретін жер жоқ. Мемлекеттің барлық жері ауыл шаруашылығы санатына жатады" деді. Оның сөзінше, қазір ауыл әкімдігі, әкім мен облыстық басшылық қазір бұл мәселемен айналысып жатыр. "Тұрғындарды "Семетей" қонақүйіне орналастырдық, Бішкектен жалға пәтер тауып бердік. Мұның барлығы жиналған қаржыдан емес, үкімет бөлген қаржыдан жасалып жатыр. Қазір 12 отбасы жайлы пәтерде тұрып жатыр, балалары мектепте оқиды" деді Құдайбергенов.

Қаңтардың 16-сы күні таңтертең түрік әуе компаниясының Boeing-747-400 жүк ұшағы "Манас" әуежайына жақын Дача-Су ауылының үйлеріне құлаған. Апаттан 39 адам қаза тауып, 20-дан астам үй қираған. Ұшақ Гонконг-Стамбул бағытында ұшып бара жатқан.

XS
SM
MD
LG