Accessibility links

Маңғыстау облысының әкімі ауысты


Ералы Тоғжанов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары кезінде.
Ералы Тоғжанов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары кезінде.

Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Оны Ақтауда мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысқан премьер-министр Бақытжан Сағынтаев таныстырды. Сағынтаев ел президентінің мәслихат депутаттарына арналған хатын оқыды. Бұл хатта облыс әкімі қызметіне Ералы Тоғжановтың кандидатурасы ұсынылған. Депутаттар ол ұсынысты қолдаған.

Ералы Тоғжанов бұған дейін Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары болған.

Маңғыстау облысының әкімі қызметін 2013 жылдан бері Алик Айдарбаев атқарған.

XS
SM
MD
LG