Accessibility links

Ақтөбеде қалааралық жолаушылар автобусы өртеніп кетті деп хабарлады Азаттыққа Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

14 наурыз күні Ақтөбе қаласынан шығып, Хромтау ауданын бетке алған Neoplan маркалы жолаушылар автобусы «Самара-Шымкент» бағытындағы жолдың 809-шақырымына жеткенде өртене бастаған.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт автобустың қозғалтқыш тұрған бөлігінен басталған. Салон түтіндей бастаған кезде көліктегі 35 жолаушы мен автобус жүргізушісі аман-есен сыртқа шығып үлгерген.

Оқиға Хромтау қаласынан 35 шақырымдай жерде болғандықтан жолда қалған жолаушыларға өзге автобус жіберіліп, көмек көрсетілген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG