Астанада өтіп жатқан Сирия дағдарысын реттеу жөніндегі бейбіт келіссөздің кезекті кезеңі қорытындыланды. Келіссөзде Сирияда қақтығысты тоқтату режимін нығайту және әскери және гуманитарлық мәселелер талқыланды деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Астанада өткен брифингте.
Кездесуде кепіл беруші елдер - Ресей, Иран және Түркия делегациялары осыған дейін әскери салада қол жеткен уағдаластықтардың орындалуы барысын талқылады.
Үш ел делегацияларының келіссөз қорытындысы бойынша қабылдаған мәлімдемесін оқыған Камалдинов үш елдің Сирия бейбіт келіссөзінің келесі кезеңін 3-4 мамырда Астанада өткізетін болып келіскен. Мұның алдында үш ел сарапшылары 18-19 сәуірде Тегеранда кеңесу жиынын өткізбек. Бұдан өзге арасында үш ел сарапшылары арасында техникалық кездесулер болып тұрмақ.
Мәлімдемеде келіссөзге қатысушылардың қақтығысты тоқтату режимінің бұзылғаны туралы ақпарат алмасып, бітімге үш жақты мониторинг жасау механизмінің тиімділігін арттыру арқылы зорлық-зомбылықты азайту қажеттігін мойындағаны айтылады.
Бұл жолғы Сирия келіссөзіне Сириядағы оппозицияшыл күштердің өкілдері қатысқан жоқ.