Accessibility links

Киев Донбасқа жүк тасымалын тоқтатты


Александр Турчинов, Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің төрағасы.
Александр Турчинов, Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің төрағасы.

Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі (ҰҚҚК) Киевтің Ресей қолдайтын сепаратистер бақылауындағы аудандарға жүк жіберуді тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ҰҚҚК төрағасы Александр Турчинов президент Петр Порошенкодан жүк тасымалдауды тоқтату туралы ұсыныс түскен соң мәлімдеді. Мұндай шешім үкімет елдің шығысындағы бірнеше облысты, оның ішінде көмір шахталарын бақылайтын сепаратистермен сауда жасасуға қарсы украин белсенділерінің теміржол және автомобиль қатынасына қойған бөгетін жою қадамдарын жасап жатқанда қабылданды.

Порошенко Донецк мен Луганск облыстарындағы сепаратистер бақылайтын аудандарға гуманитарлық жүк көліктерін жіберуге ғана рұқсат етілгенін мәлімдеді. Турчиновтың баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жүк тасымалы Мәскеу қолдайтын сепаратистер Донбастағы кәсіпорындарды бақылаудан бас тартып, қақтығысты тоқтату туралы Минск келісімінің шарттарын толық орындамайынша және Киев украин-ресей шекарасына толық бақылау орнатпайынша қалпына келтірілмейді.

Сепаратистер бұған дейін украин белсенділерінің теміржол мен автомобиль қозғалысын тоқтатқанына жауап ретінде Донбастағы кәсіпорындарды бақылауына алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG