Accessibility links

Гавайи соты Трамптың жаңа жарлығының күшін тоқтатты


АҚШ-тың Гавайи штатының мөрі (Көрнекі сурет).
АҚШ-тың Гавайи штатының мөрі (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Гавайи штатының соты президент Дональд Трамптың миграцияны уақытша шектейтін жаңа жарлығын күшіне енуіне бірнеше сағат қалғанда тоқтатты. Аудандық судья жарлықтың күшін тоқтату туралы шешімін 15 наурыз күні кешке шығарды. Ол жарлық күшіне енген жағдайда Гавайи штатына "орны толмас шығын әкелуі" мүмкін екенін мәлімдеді.

Трамптың мұсылмандар басым тұратын алты ел - Иран, Ливия, Сирия, Судан, Сомали және Йемен азаматтарының АҚШ-қа кіруіне 90 күнге дейін тыйым салатын жарлығы 16 наурыздан бастап күшіне енуі тиіс болатын. Қазір кем дегенде алты штат жарлықтың күшін тоқтатпаққа әрекеттеніп жатыр. Сот процестері Мэриленд, Вашингтон және Гавайида өтті. Гавайи судьясы құжат адамдарды діни және ұлттық белгілері бойынша кемсітетінін және штат тұрғындарының Иран, Сирия, Судан, Сомали, Ливия және Йеменде тұратын туыстарымен кездесуіне кедергі келтіреді дейді.

XS
SM
MD
LG