Accessibility links

АҚШ сенаты Ұлттық барлау қызметінің басшысын тағайындады


Дэн Коутс, АҚШ Ұлттық барлау қызметінің жаңа басшысы.
Дэн Коутс, АҚШ Ұлттық барлау қызметінің жаңа басшысы.

АҚШ сенаты көпшілік дауыспен бұрынғы сенатор, республикашыл Дэн Коутсты Ұлттық барлау қызметінің басшысы етіп бекітті. Коутс бекітілу үшін кем дегенде 51 дауыс жинауы қажет болатын, оны 85 сенатор қолдап, 12 сенатор қарсы дауыс берді.

Қарсы дауыс бергендер Коутс сенаторларға арнайы қызметтің америкалықтардың электрондық хаттарына жасаған мониторингі қаншалықты ауқымды болғаны туралы жеткілікті ақпарат ұсынбады деді.

Тыңдау кезінде Коутс Дональд Трамптың жанындағы адамдардың Ресеймен ықтимал байланысын тексеруге барынша көмектесуге уәде берді.

Сенаторлар сонымен қатар құрлықтағы әскер генерал-лейтенанты Герберт Макмастерді көпшілік дауыспен президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі етіп бекітті. АҚШ-та қалыптасқан дәстүр бойынша, Ақ үй аппаратындағы тағайындаулар үшін сенаттың мақұлдауы қажет емес. Бірақ Макмастер ресми түрде әскери қызметте болғандықтан ол сенаттың мақұлдауынан өтіп отыр.

XS
SM
MD
LG