Ресей тергеу комитетінің Новосибирск облысы бойынша тергеу басқармасы 2014 жылы жоғалып кеткен облыстың 54 жастағы тұрғынының Қазақстан территориясында құлдыққа салынған туралы ақпаратқа қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Тергеушілер қазір БАҚ-та айтылғандарды және табылған ер адамның айтқандарын саралап жатқанын және оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығатынын айтады. Тергеу басқармасныың мәліметінше, табылған тұрғын жақын уақытта Новосибирскіге бармақ.
Кеше Новосибирск облысының жергілікті ақпарат құралдары бірер күн бұрын Алматыда өзін Юрий Джанович Образцев деп таныстырған Новосибирск тұрғыны табылғанының табылғанын және оның өзін "2013 жылдан бері Қазақстан территориясында құлдықта болғаны" туралы айтқанын хабарлаған. БАҚ ақпараты бойынша, ер адам "Новосибирскіде тіркеуде тұрғанын", "2014 жылы Қазақстанға іскерлік мақсатымен келіп, әлдебір шаруа қожалығына құлдыққа түсіп қалғанын" айтқан. Ер адам одан қашып шығып, Алматыға жеткенін айтқан.