Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Алик Айдарбаев инвестиция және даму министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында Айдарбаевты бүгін министрлік ұжымына таныстырғанын хабарлады.
Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының әкімі қызметінен 14 наурызда босатылып, орнына бұрын Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары болған Ералы Тоғжанов тағайындалған.
Ал инвестиция және даму министрінің бұған дейінгі орынбасары қызметін атқарған Альберт Рау 13 наурызда мәжіліс депутаты болған.
53 жастағы Алик Айдарбаев Маңғыстау облысын 2013 жылдың қаңтарынан бері басқарған. Ол бұл қызметіне дейін ұлттық "ҚазМұнайГаз" компаниясының еншілес"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" компаниясының басшысы болған.