Accessibility links

Көкшетауда пауэрлифтинг спортшыны өлтіріп кетті


Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Көкшетауда төбелес кезінде пауэрлифтинг спортшы Евгений Галузинский қайтыс болды деп хабарлады Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Полицияның мәліметінше, 25 жастағы спортшы 14 наурызға қараған түні қаланың Автогородок ауданында көшеде бір топ жас жігітпен жанжалдасып қалып, пышақталған соң жан тапсырған. Полиция бейне бақылау камерасындағы жазбаны зерттеген соң бір күдікті ұсталып, "кісі өлімі" бабы бойынша соталды тергеу басталғанын айтады.

Халықаралық пауэрлифтинг федерациясының ақпаратына қарағанда, Галузинский 2009 жылы Бразилияның Рибейран-Прету қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында 75 килограмм салмақ дәрежесінде ең үздік нәтиже көрсеткен. Қазақстандық пауэрлифтинг әуесқойлары сайтындағы мәліметке сай, Галузинский IPF нұсқасы бойынша 2010-2011 жылдарда жасөспірімдер арасында бірнеше рет рекорд орнатқан. ҚазАқпарат агенттігі марқұмның артында әйелі мен бір жарым жасар қызы қалғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG