Accessibility links

Тәжік соты түрмеде отырған адвокаттың жаза мерзімін ұзартты


Бузургмехр Йоров, түрмеде отырған тәжік құқық қорғаушысы.
Бузургмехр Йоров, түрмеде отырған тәжік құқық қорғаушысы.

Тәжікстан соты белгілі құқық қорғаушы, адвокат, 23 жылға сотталып түрмеде отырған Бузургмехр Йоровқа тағы екі жыл түрмеде отыру жазасын қосты.

Йоровтың адвокаты Мавлуда Маматкулованың 16 наурызда Азаттыққа айтуынша, Тәжікстанның Жоғарғы соты 15 наурызда Йоровты "сотқа күмән келтірді және мемлекеттік қызметкерге тіл тигізді" деп айыптап, сол күні соттаған.

Йоровтың әйелі Зарина Набиева Азаттыққа күйеуінің сот үкіміне шағымданатынын айтты.

Йоровты өткен жылы қазан айында Душанбе қалалық соты "үкіметті құлатуға жария түрде шақырды және әлеуметтік араздық толқу тудырмақ болды" деп айыптап, 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен. Ол сотта Йоров айыбын жоққа шығарып, өзіне қарсы істің саяси астары барын мәлімдеген.

Йоров тәжік билігі 2015 жылы экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салған Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясының (ТИҚП) 13 жетекшілері мен мүшелерінің адвокаты болған.

Орталық Азия елдеріндегі тіркелген жалғыз исламшыл саяси партия болған ТИҚП-тың соңғы екі жылда ондаған мүшесі сотталған.

XS
SM
MD
LG