Accessibility links

Украина мемлекеттік қазынашылық қызметінің экс басшысы кепілге босатылды


Украина мемлекеттік қазынашылық қызметінің экс басшысы сотта тұр. Киев, 13 наурыз 2017 жыл.
Украина мемлекеттік қазынашылық қызметінің экс басшысы сотта тұр. Киев, 13 наурыз 2017 жыл.

Украинаның мемлекеттік қазынашылық қызметінің бұрынғы басшысы Роман Насиров қамаудан кепілге босатылды. Ол қаржы жымқырды деген айыппен екі ай алдын ала қамауда отырған. Насировтың әйелі күйеуін үйқамаққа ауыстыру үшін 100 миллион гривен (3,7 миллион доллар) ақша кепілге қойған.

Насиров мемлекетке екі миллиард гривен (шамамен 74 миллион доллар) шығын келтірді деген күдікке ілінген. 3 наурызда ол қызметінен шеттетіліп, екі айға қамалған. 13 наурызда апелляциялық сот оны қамау туралы сот шешімін күшінде қалдырған. Бұл күні ондаған адам сот алдында Насировты жазалауды талап етіп, демонстрация өткізді.

Ураинаның коррупциямен күрес ұлттық бюросының ұйғарымынша, Роман Насиров бірқатар салық төлеушілердің, оның ішінде 2016 жылы антикоррупциялық тергеу қаупінен елден қашып кеткен бұрынғы депутаттың компаниясының салық төлеу мерзімін кейінге шегеруге рұқсат берген.

XS
SM
MD
LG