Accessibility links

Сот Құшақбаев адвокатының талап-арыздарын қанағаттандырмады


Астананың Алматы аудандық сотының судьясы Айжан Күлбаева мұнайшылар кәсіподағының жетекшісі Нұрбек Құшақбаевтың адвокаты Гүлнара Жуаспаеваның талап-арыздарын қанағаттандырмады. Ал негізгі сот тыңдауы 24 наурыз күні сағат 10-ға белгіленді.

Бүгін басталған алдын ала сот тыңдауында судья адвокаттың Құшақбаевты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту және оларға қарсы істі тоқтатуды сұраған. 15 минут үзіліс жариялап, кеңесу бөлмесіне шығып кеткен судья айтылған уақытта қайта келіп, адвокаттың екі шағымы қанағаттандырылмайтынын, Құшақбаевты қамау мерзімі 20 сәуірге дейін ұзартылатынын айтты. Судья сонымен қатар адвокаттың талап-арыздарына қатысты соты шешіміне шағым білдіре алмайтынын да мәлімдеді.

Алдын ала сот тыңдауы аяқталған соң Азаттыққа комментарий берген Гүлнәр Жуаспаева судьяның "заң бұзғанын" айтты.

- Қылмыстық-процессуалдық кодекс бойынша судья бұлтартпау шарасын өзгерту туралы қаулыны жеке, басқа талап-арыз бойынша қаулыны жеке шығаруы тиіс болған. Қазір судьяның бұл қаулысына шағым білдіре алмайтын болғандықтар, мұның барлығын алдағы сот барысныда жарыссөз бен шағымдарымызда айтамыз, - деді Жуаспаева.

  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG