Accessibility links

Астана Бішкекке "іздеудегі" Германия азаматын экстрадициялады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан Қырғызстанға осы ел билігі "алаяқтық жасады" деген күдікпен халықаралық іздеу жариялаған Германия азаматын экстрадициялады.

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Германияның 66 жастағы азаматы Аселборн Вальдемар кеше Астана мен Бішкектегі күш құрылымдарының шешімі бойынша Интерполдың Қырғызстандағы ұлттық бюросына тапсырылған.

Тергеушілердің мәліметінше, Аселборн Вальдемар 2013 жылы мамырда Қырғызстан азаматынан оған "Германиядан шырын өндіретін құрал-жабдық жеткізіп беремін деп 120 мың АҚШ долларын алып, ізін жасырған". Күдікті 2016 жылы қазанда Алматы әуежайында ұсталып, экстрадицияланғанға дейін қамауда болған, қазір тергеу шаралары басталған. Күдікті Бішкектегі қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

XS
SM
MD
LG