Accessibility links

Конгресмен: Флинн ресейлік компаниядан 67 мың доллар алған


Майкл Флинн, АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Майкл Флинн ресейлік компаниядан 67 мың доллар алған. Бұл туралы Демократиялық партиядан сайланған конгресмендер ұсынған құжаттарда айтылады. Конгресс мүшесі Элайдж Каммингс (Мэриленд штаты) президент Дональд Трамп әкімшілігінен Флиннің шетел үкіметтерімен және мүдделі адамдарымен байланыстарына қатысты тыңғылықты жауап беруді сұрады. Құжаттар бойынша, Флинн 2015 жылы желтоқсанда Мәскеудегі шараға барғаны үшін Ресейдің мемлекеттік RT телеарнасынан 33750 доллар алған.

Флиннің Трамптың кеңесшісі болып тағайындалғанына дейінгі қызметіне тергеу жүргізу барысында табылған құжаттарды жариялаған Каммингстің айтуынша, Флиннің RT телеарнасымен қаржылық байланыстары конституцияның шетел үкіметтерінен сыйлық алуға қатысты ережелеріне қайшы келуі мүмкін. Тергеумен конгрестің қадағалау және үкіметтік реформа комитеті айналысқан.

Трамп Флиннді өткен айда ол вице-президент Майк Пенс пен Ақ үйдің басқа да өкілдерін Ресейдің АҚШ-тағы елшісімен телефонмен сөйлескеніне қатысты ақпаратында шатастырды деп отставкаға жіберген.

XS
SM
MD
LG