Accessibility links

Донбаста екі украин сарбазы оққа ұшты


Сепаратистердің өзін-өзі жариялап алған Донецк "халық республикасының" шебінде жүрген қарулы адам. Украина, 23 ақпан 2017 жыл.
Сепаратистердің өзін-өзі жариялап алған Донецк "халық республикасының" шебінде жүрген қарулы адам. Украина, 23 ақпан 2017 жыл.

Донбаста ресейшіл сепаратистердің атқылауынан украиналық екі сарбаз қаза тауып, сегізі жараланды. Киевтің мәліметінше, өзін-өзі жариялап алған Донецк және Луганск "халық республикаларының" жақтастары бір тәулікте бітім режимін шамамен 80 рет бұзған. Луганск облысында сепаратистердің атқылауынан 15 жастағы бозбала жараланып, ауруханаға түскен.

Донецк "халық республикасының сепаратистері Киевтің айыптауына жауап ретінде үкімет әскерінің өздерін атқылап жатқанын айтады. Ресей қолдайтын сепаратистер ұрыс қимылдарынан Донецк облысының Еленовка кентінде 400-ге тарта үй электр қуатынан ажырап қалғанын айтады. Бұдан өзге, Донецк мен Ясиноватая қаласының түбінде снаряд түсіп, газ құбыры зақымданған.

Сепаратистер сапынан адам шығыны бары хабарланбады.

XS
SM
MD
LG