Accessibility links

Бішкекте шеруге шыққандардың кейбірін милиция ұстаған


Бішкектегі шеруге қатысушылар. 18 наурыз 2017 жыл.
Бішкектегі шеруге қатысушылар. 18 наурыз 2017 жыл.

Бішкекте бүгін сөз бостандығы мен саяси құқықтарды қорғау талабымен шеру өтті. Оған қоғам қайраткерлері, депутаттар, журналистер, құқық қорғаушылар және өзге адамдар қатысты деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі. Шеруге қатысушылардың кейбірі көшедегі көлік жолына шықпақшы болған, бірақ милиция оларды жаяу жүргінші жүретін жолға ығыстырып, бірнеше адамды ұстаған. Ұсталғандар арасында парламенттегі оппозициялық «Ата Мекен» партиясы фракциясының мүшесі Каныбек Иманалиев және белсенді Мәулен Асқарбеков бар деп хабарланды.

Сонымен бірге құқық қызметкерлері ұстағандардың арасында ВВС журналисі Абдыбек Казиев те болған. Ол туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне депутат Каныбек Иманалиев жеткізген. Ол өзін босатқанын, ал өзгелерді түсіндірме жазып алғаннан кейін жіберетіні туралы хабарлаған.

Милиция органдары шеру кезінде ұсталғандар туралы әзірше ақпарат берген жоқ.

XS
SM
MD
LG