Accessibility links

АҚШ пен Қытай Солтүстік Корея мәселесінде ынтымақтаспақ


АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон. Сеул, 17 наурыз 2017 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон. Сеул, 17 наурыз 2017 жыл.

АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық зымыран бағдарламасы және Солтүстік-Шығыс Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша Қытаймен ынтымақтасатын болады. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен Пекинде келіссөз өткізгеннен кейін мәлімдеді.

Келіссөздің негізгі тақырыбы да жақында Солтүстік Корея территориясынан ұшырылған баллистикалық зымырандарға арналды. Тиллерсонның сөзінше, екі тарап Пхеньянды қазіргі саясатын өзгертуге көндіру үшін күш біріктірмек. Солтүстік Корея билігінің бұл саясаты шиеленісті қауіпті деңгейге жеткізіп отыр дейді Тиллерсон. Ван И Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы туралы мәселені шешу ісінде тек дипломатиялық тәсілдерді қолданған жөн деп санайды.

Осының қарсаңында Оңтүстік Кореяда сөйлеген сөзінде Тиллерсон Вашингтон Солтүстік Кореяның іс-әрекетіне әскери жауап беруді де жоққа шығармайды деп мәлімдеген болатын.

Рекс Тиллерсонның бұл АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметіне кіріскелі бері Пекинге алғаш рет барды. Осы жолғы Азия елдеріне сапарында ол Токио мен Сеулде де болды. Кореядан өзге Пекиндегі келіссөзде Солтүстік Кореядан басқа да тақырыптар, мысалы, Тайвань мәселесі, сонымен бірге АҚШ пен Қытай арасындағы сауда жайы талқыланған.

XS
SM
MD
LG