Accessibility links

Париж әуежайында әскериге шабуылдаған адамды атып өлтірген


Париждегі қарулы әскери патруль. 23 желтоқсан 2016 жыл.
Париждегі қарулы әскери патруль. 23 желтоқсан 2016 жыл.

Франция астанасындағы Орли әуежайын күзетіп тұрған әскери қызметкердің қаруын тартып алған ер адамды әскери патруль атып өлтірген. Бұл туралы ақпаратты француз полициясы растаған.

Төтенше оқиғадан кейін әуежайы жабылып, барлық жолаушылар эвакуацияланған, ұшақ рейстері бөгелген. Әуежайда жарлығыш зат іздестіріп жатқаны хабарланды.

Шабуыл жасаған адамның аты-жөні және оқиғаға не себеп болғаны әзірше белгісіз. Өткен айда Лувр музейі маңында осыған ұқсас шабуыл жасалған еді.

Парижде 2015 жылғы қарашада үлкен террорлық шабуыл жасалғаннан кейін Францияда енгізілген төтенше жағдай тәртібі әлі күшінде. Жұрт көп жиналатын орындарды қарулы әскери патруль күзетеді.

XS
SM
MD
LG