Accessibility links

"Шекарасыз тілшілер" журналист Әли Ферузды Өзбекстанға бермеуге шақырады


Худойберди Нурматовты (бүркеншік есімі - Әли Феруз).
Худойберди Нурматовты (бүркеншік есімі - Әли Феруз).

«Шекарасыз тілшілер» халықаралық құқық қорғау ұйымы Ресей билігі осы елдегі «Новая газета» басылымының журналисі, наурыздың 16-сы күні Мәскеуде ұсталған Худойберди Нурматовты (бүркеншік есімі - Әли Феруз) Өзбекстанға экстрадициялауы мүмкін деп қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. Халықаралық ұйым өзбек журналисі Отанында азаптауға ұшырайды деп, Ресей билігін оны депортацияламауға шақырған деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі (Озодлик радиосы).

«Әли Ферузды Өзбекстанға жөнелту заңсыз болады және оның өміріне үлкен қауіп төндіреді. Оның журналистік және құқық қорғаушылық қызметі азаптау оқиғалары жүйелі сипат алған елде сұмдық салдарға әкеп соғу қаупі бар. Біз ресейлік билік орындарын журналисті депортацияламауды және оның баспана беру туралы өтінішін неғұрлым тезірек қарауға шақырамыз» деп мәлімдеген «Шекарасыз тілшілер» ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бөлімінің басшысы Йоханн Бир.

Нурматовтың ұсталғаны туралы бейсенбі күні таңертең белгілі болған. Басылымның баспасөз хатшысы Надежда Прусенкова «құжаттарына қатысты күрделі жағдайда» қалған журналистің Ресей билігінен өзіне босқын мәртебесін беруді сұраған өтініші қанағаттандырылмай, кейін сот ол шешімнің күшін жойғаны туралы хабарлаған.

Ресейде білім алған, жастық жағы Өзбекстанда өткен Худойберди Нурматов Отанында азаматтық белсенділік танытқан, кейін билік тарапынан қысым жасалған соң елден кетуге мәжбүр болған дейді Надежда Прусенкова.

XS
SM
MD
LG