Accessibility links

Орли әуежайында оққа ұшқан адам радикалды исламшыл болған деп хабарланды


Париждегі әскери патруль. 15 шілде 2016 жыл.
Париждегі әскери патруль. 15 шілде 2016 жыл.

Сенбі күні Париждегі Орли әуежайында әскери күзетшіге шабуыл жасамақ болған кезде оққа ұшақ адам француз арнайы қызметіне радикалды исламшыл ретінде белгілі болған. Бұл туралы Франция ішкі істер министрі Бруно Ле Ру мәлімдеген.

Аты-жөні аталмайтын әлгі ер адам наурыздың 18-і күні таңертең Орлиде шабуыл жасамас бұрын Париждің солтүстігіне жақын маңда оның автокөлігін тоқтатпақшы болған жол полициясына оқ атқан деген ақпарат тарады. Бір полиция қызметкері жараланған.

Орли әуежайында ол әскери патруль қызметкерінің қаруы тартып алуға әрекет жасаған кезде оққа ұшқан. Мина тексеретін мамандар оның денесінде жарылғыш зат болмағанын растады. Төтенше оқиға салдарынан Орли әуежайы жабылып, арасында Франция президенттігіне кандидат Николя Дюпон-Эньян да бар бірнеше мың адам эвакуацияланған.

Өткен айда Лувр музейі маңында осыған ұқсас шабуыл жасалған еді. Парижде 2015 жылғы қарашада үлкен террорлық шабуыл жасалғаннан кейін Францияда енгізілген төтенше жағдай тәртібі әлі күшінде. Жұрт көп жиналатын орындарды қарулы әскери патруль күзетеді.

XS
SM
MD
LG