Accessibility links

Орли әуежайы қайтадан қалыпты жұмысына көшті


Орли әуежайы қауіпсіздігі қызметі өкілдері кіріп-шыққандарды тексеріп жатыр. Париж, 18 наурыз 2017 жыл.
Орли әуежайы қауіпсіздігі қызметі өкілдері кіріп-шыққандарды тексеріп жатыр. Париж, 18 наурыз 2017 жыл.

Париждегі Орли әуежайында әуе қатынасы қайтадан әдеттегі қалпына түсті. Сенбі күні әуежайда әскери қызметкер әйелдің басына тапанша тіреп, «Алланың жолында өлемін» деп мәлімдеген 39 жастағы Зиед Бен Бельгасимді басқа екі әскери атып өлтірген. Осы төтенше оқиғадан кейін әуежай ғимаратынан үш мыңға жуық адам эвакуацияланып, әуе рейстері бірнеше сағатқа бөгелген.

Наурыздың 19-ы күні тергеушілер Бельгасимнің әкесін босатқан, бірақ оның бауыры мен тағы бір туысын әлі ұстап отыр деп хабарлады АFP агенттігі. Отбасы мүшелерінің үшеуі де полицияға өздері хабарласқа деп хабарлады журналистерге наурыздың 18-і күні француз прокуроры Франсуа Молинс. Орли әуежайы маңында қаза тапқан адамның рюкзагынан Құран-кәрім шыққан.

Кей ақпараттарда Бельгасимнің қарумен тонау және есірткі қылмысына байланысты айып тағылып түрмеде отырып шыққаннан кейін радикалды жолға түскені айтылады.

Шабуыл жасаған кезде ол спирттік ішімдікке мас болып немесе ескерткіге елітіп қалмаған ба – мұны анықтау үшін жексенбі күні оның денесіне тексеру жүргізілген.

Соңғы екі жылда Парижде, Ниццада және өзге жерлерде жасалған, жалпы саны 230-дан аса адамның өмірін қиған бірнеше террорлық шабуылдардан кейін Францияда жарияланған төтенше жағдай тәртібі әлі күшінде. Жұрт көп жиналатын орындарды қарулы әскери патруль күзетеді.

XS
SM
MD
LG