Accessibility links

Новосибирскіде тариф қымбаттауына қарсылық шеруі өтті


Тарифтердің қымбаттауына наразылық акциясы. Новосибирск, 19 наурыз 2017 жыл.
Тарифтердің қымбаттауына наразылық акциясы. Новосибирск, 19 наурыз 2017 жыл.

Ресейдің Новосибирск қаласы тұрғындары 2017 жылғы шілде айынан бастап тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметі түрлеріне бағаны 15 пайызға көтеру туралы шешімге қарсы осымен төртінші ай бойы наразылық білдіріп жатыр. Биліктің рұқсатымен бүгін қала орталығындағы бас алаңда өткен митингіге үш мыңға жуық адам қатысқан деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Наразылық акциясына қатысушылар Новосибирск облысы губернаторы Владимир Городецкийді оставкаға кетуге шақырған.

– Новосибирск – қиян түкпір, қиыр шеттегі елді мекен емес, біз Ресейдегі ең маңызды қалалардың біріміз. Және біз бүгін губернатор үнімізді естіп, тарифтерді қымбаттату туралы тонау іспеттес шешімін жойсын деген мақсатпен дауысымызды қаттырақ шығарып тұрмыз. Губернатор, шешімді жой немесе кет, - деп мәлімдеді митингіні ұйымдастырушылардың бірі Дмитрий Холявченко.

Новосибирскідегі тарифті қымбаттатуға қарсылық шеруі:

Тарифті көтеруге қарсылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:59 0:00

Наразылық митингісіне аймақтық және федералдық деңгейдегі саясаткерлер мен шенеуніктер, қала мэрі, губернатор және президенттің Сібір федералдық округіндегі тұрақты өкілі ресми шақырылған. Осылардың арасынан тек оппозициялық саясаткер Алексей Навальный ғана митингіге қатысуға келген. Ол осы аптада жариялаған зерттеу қорытындысында Новосибирскіде тарифтерді негізсіз қымбаттатып отыр деп Ресей үкіметінің министрі Михаил Абызовты айыптаған еді. Навальный бұл туралы бүгінгі митингіде тағы айтып, жиналғандарды өз құқықтарын қорғауға шақырған.

– Новосибирск бүгін қала мэріне де, губернаторға да, Кремльге де: «Жігіттер, біздің табысымыз сендер ұрлап жатқандай емес. Сендердің шалқып өмір сүрулеріңе жұмсалған ақшаның орнын толтыруға ешқашан ақшамыз жетпейді. Бұл мүмкін емес нәрсе ғой! Олар адамдарды кедейшілікке ұшыратып жатыр!» деген сөзді нақты да айқын жеткізеді деп үміттенем, - деген Навальный.

Бұған дейінгі осыған ұқсас акцияларға қарағанда, бүгінгі митингі қалыпты жағдайда өтті. Полиция қызметкерлерінің көптігіне қарамастан, бірнеше адам Алексей Навальныйға жұмыртқа лақтырған. Олардың бірін митингіге қатысушылар ұстап, полицияға тапсырған. Сонымен бірге митингіні ұйымдастырушылар жиынға «АҚШ-қа қызмет етемін!» деген жазуы бар Навальныйдың суретін көтеріп келген тағы бір адамды ұстап, көптің ортасынан шығарып жіберген. Одан өзге төтенше оқиғалар болмаған, митингі межелі уақытта аяқталған. Акция соңында жиналғандар губернаторға сенімсіздік білдіру туралы қорытынды қарарды бірауыздан қолдаған.

XS
SM
MD
LG