Accessibility links

Трамп Қытайға сапармен баруға ниет білдірген


АҚШ президенті Дональд Трамптың суреті басылған қытай журналы. Пекин, 29 желтоқсан 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
АҚШ президенті Дональд Трамптың суреті басылған қытай журналы. Пекин, 29 желтоқсан 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға сапармен бармақ ниетте деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Пекинде Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесуде. Цзиньпинге Трамптың сәлемін жеткізген Тиллерсон АҚШ президенті Қытай басшысымен байланысты «жоғары бағалайтынын» және екі ел жетекшілерінің кездесуі «неғұрлым ертерек өтеді» деп күтетінін айтқан. Оның сөзінше, Трамп «сәті түскенде Қытайға сапармен келуге» дайын.

Си Цзиньпин екі ел арасындағы түсіністік деңгейін көтеруге мүдделі екенін білдірген. «Қытай мен АҚШ-тың ортақ мүдделері екеуінің арасындағы алшақтықтан әлдеқайда асып кетеді, ынтымақтастық – екі тараптың жалғыз таңдауы. Қарым-қатынастарға ұзақ мерзімді және стратегиялық тұрғыдан қарап, ынтымақтастық өрісін кеңейтіп, жалпы табыс пен өзара ұтыс стратегиясын жүзеге асыру керек» деген Қытай басшысы.

Бұған дейін Тиллерсон сенбі күні Пекинде Қытай мемлекеттік кеңесі мүшесі Ян Цзечи және сыртқы істер министрі Ван Имен кездесіп, келіссөздер өткізген болатын.

XS
SM
MD
LG