Accessibility links

АҚШ Конгресі президент сайлауына Ресейдің араласуы жайлы тыңдау өткізеді


АҚШ Конгресі ғимараты.
АҚШ Конгресі ғимараты.

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының барлау жөніндегі комитеті бүгін президент Дональд Трамптың өзінің сыртынан "Барак Обама әкімшілігінің кезінде аңду жүргізгені" жайлы мәлімдемесі бойынша алғашқы ашық тыңдау өткізбекші. Оған қоса Конгрестегі тыңдауда АҚШ-тағы президент сайлауына Ресейдің араласуы да қаралады.

Комитет мүшелері ашық тыңдауда федералдық тергеу бюросы директоры Джеймс Коли мен Ұлттық қауіпсіздік агенттігі басшысы Майк Роджерстің баяндауларын тыңдамақ. Сонымен бірге тыңдауға президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Майкл Флинн де шақырылған. Бұған дейін БАҚ Флиннің Ресеймен байланысы туралы хабар таратқаннан кейін ол отставкаға кеткен.

Наурыздың 4-і күні Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісінде жариялаған жазбаларында Нью-Йорк қаласындағы өзінің пентхаусы орналасқан "Трамп Тауэр" ғимаратындағы әңгімелерді тыңдатқызған" деп экс-президент Барак Обаманы айыптаған. Обама ол айыптауларды теріске шығарған.

АҚШ өзіндегі президент сайлауына Ресейдің араласқаны туралы қаңтардың 6-сы күні мәлімдеме таратқан. АҚШ барлау қызметтері қауымдастығы Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті сайлауына түсіп жатқан Трампқа болысып, сайлауалды кампанияға ықпал ету мақсатымен Демократиялық партия сайттарына қарсы хакерлік шабуылдар ұйымдастыруға пәрмен берген деген қорытындыға келген. Кремль кибершабуылдарға қатысы туралы өз атына айтылған әлгіндей айыптауларды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG