Accessibility links

Сирия астанасында қарулы қақтығыс болды


Жанкешті шабуылдаған жерде тұрған адамдар. Дамаск, Сирия, 15 наурыз 2017 жыл.
Жанкешті шабуылдаған жерде тұрған адамдар. Дамаск, Сирия, 15 наурыз 2017 жыл.

Сирия астанасы Дамаскінің шығыс бөлігінде наурыздың 19-ы күні көтерілісшілердің тұтқиылдан жасаған шабуылы көлемді қарулы қақтығыстарға ұласқан. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, оқиға Джобар ауданында екі автокөлікті жарып, бірнеше жанкештілік шабуылдан басталған. Бұдан соң қарулы адамдар Аббасид алаңы маңындағы бірнеше ғимаратты басып алып, Дамаскінің басқа бөліктерін зымыраннан атқылаған.

Сириялық баспасөз құралдары үкімет әскері қалаға түн ішінде жерасты тоннельдері арқылы кіріп алған «Әл-Қаида» террорлық ұйымымен байланысы бар топтың шабуылын тойтарды деп хабарлады.Мемлекеттік телеарна Джобар және Кабун аудандарында қақтығыстар болғаны туралы мәлімдеді.

Бірнеше күннен кейін Женевада БҰҰ-ның арағайындығымен Сириядағы жанжалды тоқтату жөнінде бейбіт келіссөздер басталуы тиіс. Сириядағы алты жылға созылған соғыс салдарынан 320 мыңнан астам адам құрбан болған.

XS
SM
MD
LG