Accessibility links

Ауған сарбазы АҚШ-тың үш әскериін жаралады


Ауған күштері АҚШ ұшақтарының қолдауымен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы шайқас жүргізіп жатыр. Нангархар уәлаяты, 16 ақпан 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
Ауған күштері АҚШ ұшақтарының қолдауымен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы шайқас жүргізіп жатыр. Нангархар уәлаяты, 16 ақпан 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ауғанстандағы шетелдік коалиция басшылығының мәлімдеуінше, Гильменд уәлаятында ауған сарбазы шабуылынан америкалық үш әскери қызметкер жараланған. Биыл мұндай оқиға алғаш рет тіркеліп отыр. Шабуыл жасаған ауғанстандық қаза болған деп хабарланды. Зардап шеккендерде медициналық көмек көрсетілді деп мәлімдеді НАТО миссиясы өкілдері Twitter әлеуметтік желісінде.

2014 жылы шетелдік әскердің көбі Ауғанстаннан кеткеннен кейін елде мұндай шабуылдар саны азайған болатын. Қазір Ауғанстанда шетелдік әскери альянстың 13 мыңға жуық әскері бар. Олар ауған армиясын жаттықтырып, «Талибан» қозғалысы күштеріне қарсы күресте тактикалық жәрдем көрсетеді.

XS
SM
MD
LG