Accessibility links

Нұргүл Асанова "Қазақ аруы" байқауы жеңімпазы атанды


«Қазақстан аруы-2014» байқауына қатысушылар. Алматы, қараша 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)
«Қазақстан аруы-2014» байқауына қатысушылар. Алматы, қараша 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)

Астанада жексенбіде өткен «Қазақ аруы-2017» сұлулық байқауының финалына қатысқан 16 қыздың арасынан бас жүлдені Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Нұргүл Асанова жеңіп алды деп хабарлайды Tengrinews сайты.

Бірінші орынды байқауға Қызылорда облысынан қатысқан Зуxра Сайпи иеленді. Ақтөбелік ару Гүлжанат Жұмажанова екінші орын, Қарағанды аймағының өкілі Әйгерім Орынбекова – үшінші орын алды.

Биылғы «Қазақ аруы» байқауына қатысуға 600-ден аса қыз тілек білдіріп, олардың арасынан іріктеуден өткен 16 бойжеткен финалға шыққан.

Осымен алтыншы жыл қатарынан ұйымдастырылған «Қазақ аруы» байқауы жылда Наурыз мерекесі қарсаңында жеңімпазын анықтайды. Бірнеше кезеңнен тұратын байқауға 16-22 жас аралығындағы қыздар қатыса алады. Олардың бойы 170 сантиметрден жоғары, салмағы - 53 келіден артық болмау шарт. Байқауда бойжеткеннің қазақ тілін меңгеруі, әдебиет, тарих, салт-дәстүр бойынша білімі сынға түседі. Сонымен бірге қыздардың дене бітімі мен шашының ұзындығы да бағаланады.

XS
SM
MD
LG