Accessibility links

Барнаулда оппозиционер Навальныйға көкдәрі шашқан


Оппозициялық саясаткер Алексей Навальный коммуналдық қызметі бағасын қымбаттатуға наразылық митингісінде сөйлеп тұр. Новосибирск, 19 наурыз 2017 жыл.
Оппозициялық саясаткер Алексей Навальный коммуналдық қызметі бағасын қымбаттатуға наразылық митингісінде сөйлеп тұр. Новосибирск, 19 наурыз 2017 жыл.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға Барнаул қаласында белгісіз біреу көкдәрі (зеленка) шашқан. Барнаулда дүйсенбі күні аймақтық штабын ашпақшы болған Навальный бұл туралы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.

«Барнаулда штабты «Маска» фильмінің кейіпкері бейнесінде ашатын болдым. Тамаша. Тіпті тісіме дейін жап-жасыл!» деп жазды ол.

Навальныйдың айтуынша, штабқа кіреберісте қарсы жолыққан ер адамның созған қолын амандасу үшін ала берген кезде әлгі кісі саясаткердерің бетіне көкдәрі шашып жіберген. Мұнан соң әлгі адам көлікке отырып кетіп қалған.

Бұған дейін 2018 жылы өтуі тиіс Ресей президенті сайлауына түсетін ниеті туралы жариялаған Алексей Навальный елдің әр аймағында штабын ашуға барған кезде түрлі кедергілерге тап болған. Новосибирскіде белгісіз біреулер Навальныйға жұмыртқалар лақтырған, Томскіде оның штабы қызметкерлерінің пәтерінің есігі мен көлігінің түтін шығатын бөлігіне құрылыста пайдаланылатын желім құйып кеткен. Оған дейін Нижний Новгород қаласындағы штабтың есігін де сондай желіммен бекітіп қойған. Ува қаласында Навальныйды қолдарына оппозиционерді АҚШ туы алдында бейнелеген сурет пен «АҚШ агенті» деген жазуы бар плакат ұстаған бір топ адам қарсы алған.

XS
SM
MD
LG