Accessibility links

Ресей Қырымда әскери жаттығу өткізіп жатыр


Ресей әскери-теңіз күштері Қырым жағалауы маңындағы жаттығу кезінде. 9 қыркүйек 2016 жыл.
Ресей әскери-теңіз күштері Қырым жағалауы маңындағы жаттығу кезінде. 9 қыркүйек 2016 жыл.

Ресей аннексиялап алған Қырым түбегіндегі Опук полигонында әуе-десанты әскері, Қара теңіз флоты және әуе күштерінің қатысуымен көлемді командалық-штабтық жаттығулар бастады деп хабарлайды Новости агенттігі Ресей әуе-десанты әскері қолбасшысы Андрей Сердюковқа сілтеме жасаған РИА Новости агенттігі.

Жаттығуларға екі жарым мыңнан астам адам мен 600 бірлік әскери техника мен қару-жарақ қондырғысы қатыстырылып жатыр. Сердюковтің сөзінше, Ресей армиясы тарихында алғаш рет әуе-десанты әскері жаттығуы аясында Новороссийск, Камышин және Улан-Удэдегі үш әскери бөлім бір мезетте дабылмен көтеріліп, қару-жарақ және техникасымен бірге Қырымға ішінара жеткізілген. «Десантшылар шартты жау әскері мен заңсыз қарулы топтарды жою бойынша тәжірибелік машығын пысықтайды» деген генерал.

Бұған дейін қаңтарда Мәскеу Қырым түбегіндегі Феодосия маңына қосымша С-400 «Триумф» зымыран кешендерін орналастырған.

Ресей 2014 жылы Қырымды аннексиялап, Украинаның шығысында қарулы жанжал басталғаннан кейін қарулы күштерін кенеттен шұғыл дабылмен көтеріп, көлемді әскери жаттығулар өткізуді жиілеткен. Батыс елдері бұған байланысты бірнеше рет алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG