Accessibility links

Польшаға НАТО батальоны сәуірде орналастырылады


Польшаға НАТО күштері құрамында барған АҚШ әскері. Заган, 12 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ әскери басшылығы Украинаның Қырым түбегін Ресейдің заңсыз аннексиялап алуына НАТО ұйымының жауабы ретінде әскери альянстың 1100 адамнан тұратын батальоны сәуірден бастап Польша жеріне орналастырылатыны туралы хабарлаған. Бұл процеске басшылық жасайтын генерал-лейтенант Стивен Гвентердің мәлімдеуінше, НАТО батальоны Польшаға «жаттығу өткізу үшін емес, миссиямен» бармақ. Жіберілетін әскер толық дайындық жағдайында болатынын айтқан Гвинтердің сөзінше, НАТО осылайша «Прибалтика мен Польшаға агрессияны бәсеңдетпек» ниетте.

Польшаға орналастырылатын НАТО батальоны құрамында АҚШ-тың 900 әскери қызметшісі, 150 британ сарбазы және 120 румын жауынгері барады. НАТО Балтық теңізі маңайында әскерін 4 бөлек етіп орналастырмақ. Ұлыбритания, Канада мен Германия өз әскерлерін маусым айына шейін Эстония, Латвия мен Литваға жайғастырады және оған альянстың өзге мүшелер қолдау танытады деп жоспарланған.

Ресей НАТО жоспарын өз шекарасы маңындағы «агрессиялық стратегия» ретінде айыптаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG