Accessibility links

Ресей Сирия күрдтерін "соғысқа жаттықтыратынын" жоққа шығарды


Сирия мен Түркия шекарасы тұсында тұрған күрд жасағы. (Көрнекі сурет.)
Сирия мен Түркия шекарасы тұсында тұрған күрд жасағы. (Көрнекі сурет.)

Сирияның солтүстігіндегі күрдтер жасағы өкілдері Түркиямен шекарадағы Эфрин анклавында ресейлік әскерилер жаттығуынан өтетіні туралы мәлімдеген. Халық қорғанысы бөлімшелері деп аталатын әскери жасақтың өкілі Редур Зелиль ресейлік әскерилер күрд еріктілері жасағын «қазіргі заманғы соғыс тәсілдеріне машықтырады» деп хабарлаған.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл мәлімдемені жоққа шығарып, Эфрин ауданында ресейлік әскерилер күрд бөлімшелері мен Түркия қолдайтын оппозиция арасындағы бітімнің сақталуына мониторинг жүргізу үшін барған деп хабарлады. Әскери мекеме ресейліктердің миссиясы - аталған ауданда әскери база құру деген ақпаратты да жоққа шығарған. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ол жерде «бітімдестіру орталығы» ұйымдастырылмақ.

Түркия әңгіме болып отырған күрд батальондарын террорлық ұйымға жатқызған. АҚШ-тың Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстермистік тобына қарсы күрестегі басты одақтасы – Сирия оппозициялық демократиялық күштерінің негізгі бөлігін құрайтын күрд жасағы қазір ИМ орталығы саналатын Ракка қаласын қоршауға алып жатыр.

XS
SM
MD
LG