Accessibility links

Порошенко "Донбасс блокадасы" ХФҚ шешіміне әсер еткенін айтты


Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аймаққа барар жолдағы тосқауылдардың бірі. Кривой Торец, Донецк облысы. 14 наурыз 2017 жыл.
Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аймаққа барар жолдағы тосқауылдардың бірі. Кривой Торец, Донецк облысы. 14 наурыз 2017 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко Донбастағы ресейшіл сепаратистер қолындағы аудандарға украин белсенділері орнатқан блокада соң Киев бұл аудандарды бақылау тетіктерінен айырылып отыр деп мәлімдеген.

Порошенконың айтуынша, дәл осы блокада кесірінен Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Украинаға кезекті қаржы траншын бөлу мәселесін қарауды кейінге ысырған. Жексенбі күні ХВҚ аталған мәселені қарауды кейінге қалдырғаны туралы мәлімдеген еді. Халықаралық ұйым оның себебін Украинаның шығысында өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» мен «Луганск халық республикасына» қарсы енгізілген блокаданың салдары қалай болатынын бағалау қажеттігімен түсіндірген.

Украиналық бірқатар оппозициялық саяси күштердің қолдауына сүйенген украин белсенділері Донбастағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аудандарды Украинаның қалған бөлігімен жалғастыратын темір жол қатынасына қаңтардың соңынан бастап тосқауыл орнатқан. Наурыздың 1-і күні ресейшіл сепаратистер өз бақылауындағы украиналық кәсіпорындарды «сырттан басқаруды» енгізген. Наурыздың 15-і күні Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Донбастағы Киевке бағынбайтын аудандармен жүк көлігі қатынасын толық тоқтату туралы шешім қабылдаған. Киев бұл тыйым сепаратистер кәсіпорындарды бақылауды қайтадан украин тарабына бергенше күшінде қалатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG