Accessibility links

Назарбаев елді Наурыз мерекесімен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велоспорт кешенінде өтіп жатқан мерекелік шара кезінде барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады деп хабарлайды «Қазақпарат»мемлекеттік агенттігі.

«Бүгін Қазақстанның әр өңірінде халқымыз осы мерекені тойлап жатыр. Бұл - бабаларымыздың бағзы заманнан бері тойлап, бізге қалдырған аманаты, береке-бірліктің, ізгіліктің жолы болсын деген тілеуі, жақсылық пен келісімнің жаңа күннің символы» деген ол.

Өз сөзінде Назарбаев жақында негізгі заңға енгізілген өзгерістер мен жаңа бағдарлама туралы да айтқан.

«Біз «Үшінші жаңғыру» деген жаңа бағдарлама жариялап, xалықтың болашақтағы тұрмысын жақсартудың жолын айттық. Оның үстіне Конституцияға енгізілетін өзгерістер елдің болашағының тұрақтылығы үшін жасалған біздің болашаққа деген үмітіміз болып саналады» деген президент.

Қазақстанда наурыз айының 21, 22 және 23-і күндері Наурыз мейрамы - ұлттық мереке болып белгіленген.

Биыл мейрам күндері апта ортасына дөп келгендіктен, үкімет дүйсенбінің жұмыс күнін өткен аптаға ауыстырып, Қазақстанда Наурыз мейрамында төрт күн демалыс деп жарияланған.

XS
SM
MD
LG