Accessibility links

Алматыда қазақ күресінен ел чемпионаты өтті


Қазақ күресі. (Көрнекі сурет.)
Қазақ күресі. (Көрнекі сурет.)

Наурыз қарсаңында Алматыда қазақ күресінен ұйымдастырылған Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды деп хабарлайды «Қазақпарат».

Жарыс қорытындысы бойынша, алматылық Марат Нығматуллаев (55 келі салмақта), Шығыс Қазақстан облысынан Қуаныш Ысқақов (60 келі), Алматы қаласынан Қасымхан Төленбай (66 келі), қызылордалық Ғалымжан Әбдірахманов (74 келі), І. Оңтүстік Қазақстан облысынан Ерсұлтан Мұзафаров (82 келі) пен Әділжан Ыстыбаев (90 келі), Алматы облысынан Александр Касачев (100 келі) және шығысқазақстандық Айбек Нұғымаров (+100) өздері сынға түскен салмақ дәрежелерінде чемпион атанды.

«Түйе балуан» атағы үшін күресте астаналық Айбат Сейтен бәсекелестерінен күш асырды.

Қазақ күресінен өткен ел біріншілігіне Қазақстанның барлық аймағынан жиыны 200-ге жуық балуан қатысқан.

XS
SM
MD
LG